Желіде Алматы кептелісі қызу талқыға түсуде. Жыл сайын үсті-үстіне ауылдардан қарапайым халық мегаполистке қарай толассыз қоныс аударуда…
About
No description yet.
Recent posts
50/50Қазақстанда 30 жылдан кейін вице-президент қызметі қайта енгізілді. Ерлан Қарин Қазақстанның жаңа вице-президенті болып тағайындалды. Оның кандидатурасын 141 депутат қолдады. Жаңа Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмаған жағдайда, оның өкілеттігі алдымен вице-президентке өтеді. Айта кетейік, Қазақстанда вице-президент қызметі алғаш рет 1991 жылы енгізіліп, 1996 жылы жойылған еді. Толығырақ видеода⤴️
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында өзінің мемлекеттілігін қалыптастырудың күрделі жолынан өтті. Елемеуге болмайтын жетістіктер бар, нақты өлшенетін нәтижелер де аз емес. Алайда бұл жетістіктер мемлекеттік институттардағы мәселелердің бар екенін жоққа шығармайды. https://adyrna.kz/kk/post/1246216
Қазақ мұнайының экспорт бағыты Ресей мен Украна арасындағы соғыс салдарынан дрон шабуылына жиі ұшырайтын болды. Басқа да кедергілер пайда болған. Тиісінше, Қазақстан өз мұнайын әлемдік базарға жөнелтудің балама жолдарын қарастыра бастады. Бұрын қағаз жүзінде, сөз жүзінде айтылған жобалар осы ретпен келгенде жүзеге аса бастады. Жүзеге аспағандарын іске қосу қолға алынды. https://adyrna.kz/kk/post/1246162?show_without_publish=true
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толса да, оның зардабын тартқан мыңдаған адамның мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталына құқық қорғаушы, «Үй» қоғамдық ұйымының төрайымы Майра Әбенова айтып берді. 6 тамыз – Бүкіләлемдік ядролық қаруға тыйым салу күні. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Бұл – Қазақстан тарихындағы ғана емес, әлемдік ядролық қарусыздану қозғалысындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Бірақ сынақтан зардап шеккендердің мәселесінде не маңызда? Бұл қаншалықты ескерілді. Белсендімен сұхбат осы сарында өрбіді. https://adyrna.kz/kk/post/1245877
[photo]
Омбыдағы отырыста президенттер қысып ұстаған кресло аман ба? Шілденің 25-сінде Омбыдағы оқшау отырыста, Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында президент Тоқаевтың айтқандары елді бір-бір елең еткізді. Бәрінен қызығы – Ресей басшысының сол айтылғандарға нақты жауап бермей, тағы да түлкібұлаңға салып, сырғақтатуы болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Ресей-Украина қақтығысын өзгелерге түсіну қиын болатынын айтты. Украина халқына деген сый-құрметін білдірді. Тараптарды бір кезде басталған келіссөзге қайта оралуға шақырды. Уақытша бітімге үндеді. Ресей жағы бұған дейін біржақты түрде соғыс әрекетін тоқтатпайтынын меңзеп келген. Мынадан кейін де келеге келе қалса, мұғжиза болмақ. Дегенмен Қазақстан тарапынан айтылған тоқтам ел назарын аударды. Бірі осы пікірдің айтылғанына сенбеді. Бірі айтқызды десті. Бірі дипломатиялық жетістік жайында айтып жатты. Айтқызды дейтіндей бұл қойылым емес. Келісіп сөйледі дегенге сену де қиын. Түптің түбі ондай спектальдің бәрі әшкере болары сөзсіз. Қазақстан жағы ештеңе демегенмен, Ресей жағы ұстап берері хақ. Неге осы кезде неге ашық айта қалды деген сұраққа жауап іздегендер де болды. Бәрінен анығы – Ресей өзі бастаған соғысты өзі аяқтай алмай әуреге түсіп жатыр. Бірақ тоқтамға шақырғандарға көне қалған Мәскеу жоқ. Қазақстан президентінің Аляскада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін Путиннің есіне салуы сол келіссөзді жалғастырудан басқа амал жоқтығын көрсетсе керек. Бір жағы Қазақстан жіңішкелетіп отырып АҚШ тарапының жолдауын да жеткізгендей болды. Әдеттегідей орыс халқының «ұлы» екенін, Ресейдің де «мықты» екенін еске салдық. Және келіссөз қажет болса, араағайын арқылы емес, тікелей мәмілеге бару керектігі айтылды. Украина басшысы Зеленский мұндай мәмілеге ашық екенін, қашан да дайын екенін айтып жүр. Бірақ Мәскеу ер-тоқымын бауырына алып, мөңкуін қоймай келеді. Бейбіт халықтың көз жасы, жетім мен жесірдің зары саясат үшін сыңсу ғана. Омбыдағы оқшау отырыста тоқтамға шақырған Тоқаев та, мөлиіп момын бола қалған Путин де отырған креслоларының басын мығым ұстап алған еді. Умаждап, уыстай ұстағанда енді болмаса, құлап қалатындай көрініс байқалды. Тыңдаушы да, айташы да маңызды мәлімдеме кезінде креслоның басын бір жібермеді. Бір қолмен емес, екі қолмен жабысып алған. Жіберсе, бірінің пікірі шашырап, екіншісінің ықыласы суып кететіндей ширыққан көрініске куә болдық. Психологтар бұған не дер екен? Патша көңіл оқырман, сіз не байқадыңыз? Қайда кетіп барамыз, қайда кетіп?
11–12 шілдеде Астанадағы Қазанат ипподромы аумағында «BaiQymyz – бапталған қымыз» халықаралық фестивалі өтеді. Биылғы шараға 70-тен астам қымыз өндіруші қатысып, бірнеше тонна қымыз әкелінеді деп күтілуде. Фестиваль аясында қымыз өндірушілер арасында байқау ұйымдастырылып, жалпы жүлде қоры 45 млн теңгені құрайды. Бас жүлде иесіне автокөлік табысталады. Фестиваль авторы Жұмажан Қалтаев бұл туралы «Адырна» порталына берген сұхбатында айтты.
[document]
[document]
Жамбыл облысы 2026 жылдың алғашқы төрт айында өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шықты. Өңірге 170,2 млрд теңге инвестиция тартылып, республикалық үлестің 23,8%-ын құрады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен индустриялық жобалар қарқын алып, ай сайын жаңа өндіріс орындары мен зауыттар іске қосылуда. Бұл – өңір экономикасының тұрақты дамуы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін беруде.
Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтіп, табиғатқа неқұрайлы қарамайтын жүзге жуық тұрғынды біріктірді. Еріктілер Нұра өзенінің жағасына шығып, жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазалап, аумақты ретке келтірді. https://adyrna.kz/kk/post/1243190
Жамбылская область уверенно движется по пути устойчивого социально-экономического развития. Рост промышленного производства, активное привлечение инвестиций, реализация инфраструктурных проектов и поддержка предпринимательства формируют прочную основу для дальнейшего укрепления экономики региона. По основным макроэкономическим показателям наша область демонстрирует стабильную положительную динамику, подтверждая статус одного из развивающихся индустриально-аграрных регионов страны. Валовой региональный продукт Одним из главных индикаторов развития экономики остается валовой региональный продукт. По последним данным, его объем достиг 2,75 миллиарда долларов США, при этом отмечается рост на 1,5 процента по сравнению с аналогичным периодом предыдущего года. Доля Жамбылской области в структуре экономики страны составляет около 2,3 процента, что свидетельствует о постепенном укреплении экономического потенциала региона. https://adyrna.kz/ru/post/1242154
Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған. Осы уақытқа дейін өңір спортшылары аталған спорт түрімен тек жаз мезгілінде ғана шұғылданса, енді жаңа нысанның ашылуымен жыл бойы жаттығу жасауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар қыс мезгілінде ескек есушілердің шаңғы спорты арқылы жалпы дене дайындығын жетілдіруіне де қолайлы жағдай жасалып отыр. Бұл – спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижеге қол жеткізуіне негіз болмақ. Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ескек есу спортының өңір үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
[photo]
[photo]
[photo]
Ең үздік мегаполис әкімін бірге таңдайық! «Aдырна» ұлттық порталы дәстүрлі байқауын жалғастырады. Дауыс беру adyrna.kz Telegram арнасында өтеді. Дауыс беру қорытындысы жыл соңында парақшамызда жарияланады.
[photo]
[photo]
[photo]
[photo]
«Aдырна» ұлттық порталы дәстүрлі байқауын жалғастырады. Биыл да жылдың ең үздік спортшыларын бірге анықтаймыз. Мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз. Дауыс беру қорытындысы жыл соңында парақшамызда жарияланады. Сіздің даусыңыз маңызды! Ең үздік спортшыны бірге таңдайық!
Шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейдің «Абай мектебі және Шығыс тарихы мен әдебиетіндегі сана-сезім жетекшілері» монографиясы – абайтанудағы шығыс мектебін айшықтауға арналған кезекті қадам. Онда шығыс ақындары мен ғұламаларының Абай шығармашылығына қаншалықты әсер еткені, ой қазығы ретінде орны мен маңызы сөз болады. Ислам Жеменейдің «Абай мектебі және Шығыс тарихы мен әдебиетіндегі сана-сезім жетекшілері» кітабында алдымен назар аудартатыны – кітаптың атауы. Қалыптасқан дағды бойынша «Абай мектебі» дегенде Абайдың шәкірттері, жалпы Абай қалыптастырған мектеп, үлгі, нұсқа, бағыт-бағдар айтылатын. Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Достар! Жыл министрін бірге анықтайық! https://t.me/adyrnaportal/23213
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. Дереккөздің айтуынша, Есполов екі күн бұрын Астанада Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері және ҰҚК-мен бірлескен шара барысында қолға түскен. Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші жары Әсел Құрманбаеваның туған ағасы. Ол «Еуразиялық технологиялық университеті» мен «Alatau Asset Management Company» компаниясының құрылтайшыларының бірі ретінде танылған. Еске салайық, 2025 жылдың сәуір айының соңында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты мәселе көтерген еді. https://adyrna.kz/kk/post/1239179
Қазақ балаларына араб есімдерінің жаппай берілуі – ұлттық кодтың баяу жоғалуына бастайтын үнсіз дабыл. «Адырна» кезекті подкастта есімтанушы Бердалы Оспанмен бірге қазақ болмысының атына түскен көлеңкені талдап, арабтанудың терең себептерін ашып көрсетеді. Төл есімдеріміздің құндылығы неге төмендеп барады, ал ата-ана таңдауы неге бөтенге ауып тұр? Бұл сұрақтардың жауабы – біздің ертеңімізді анықтайтын күрделі әңгіме. https://youtu.be/IS1y3q5aM0I
«Қайынағаларыма әмеңгерлік жолмен тиемін дедім...» Белгілі дәстүрлі әнші Гүлшат Тәкежанова «Адырна» порталына берген бұл сұхбатында отыз жасында (2006 жылы 12 наурызда) кенеттен өмірі қиылған, жастай сүйіп қосылған жан жары, «Серпер» ансамблін құрып, өнерде танымал бола бастаған, Қайрат Байбосынывтың шәкірті, мәдениет қайраткері әнші Биғазы Тұтқабеков жайлы тоқталады. Биыл туғанына 50 жыл толған әншінің өнерсүйер қауым арасында, өзінің туған жерінде елеусіз қалып жатқанына өкінішін білдіреді. Бұл сұхбатта өмірде тәжірибесі болмаған, шиеттей үш баламен жесір қалған жас әйелдің қиын тағдыры, қиындыққа мойымай, өмірде табандылықпен өз жолын таба білгені, ата жолдан айнымай, бабалар дәстүрін ұстануы, ұл-қызын қатардан кем қылмай өсіргені, еңсе түскенде өзін өзі қайрап, жеңіске жетуі және т.т. намыс пен жігерге толы адами қырлары туралы әңгіме айтылады. https://youtu.be/Aoh8R6y5uaY?si=YaZURKUvIc6F--Oz
Астана қаласының прокуратурасы мұрағаттық құжаттарды зерделеу нәтижесінде бірқатар азаматтардың саяси қуғын-сүргін құрбандары санатына қатысы жоқ екенін анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Биыл бес азамат сот арқылы өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде мойындатуға тырысқан. Алайда қалалық сот пен прокуратура бірлесіп жүргізген тексеріс барысында мұрағаттық материалдар зерттеліп, аталған тұлғалардың бұл санатқа жатпайтыны дәлелденді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында Конституцияға өзгеріс енгізетінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің айтуынша, Парламенттік реформа – аса күрделі әрі жауапты жұмыс. Ол бұл үдерісте асығыстыққа жол беруге болмайтынын атап өтті. «Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады. Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», – деді Президент. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция бекетінен әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған оқиғаны ұят жағдай деп атады «Бұл жағдайды жақсы деп айтуға болмайды, бұл – ұятты іс. Полиция қызметкерінің атына күмән келетін жайт болса, ол өте өкінішті. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түрлі нұсқалар қаралып жатыр, істің толық тергелуін қамтамасыз етеміз. Бұл іс менің жеке бақылауымда. Әсіресе адам өлімі мен полиция қызметкерінің қатысы бар кезде бұл – өте ауыр жағдай. Сол себепті оқиға жайлы хабар түскен алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды, тергеу жүріп жатыр», – деді Сәденов. Еске сала кетейік, 1 қазан күні Қарағандыдағы полицияның тірек пунктерінің бірінен әйел адамның мәйіті және ес-түссіз жатқан полицей қызметкері табылғаны туралы жазған едік https://adyrna.kz/kk/post/1238032
Абай тұлғасы, оның философиясы мен поэзиясы сан қырлы сахналық қойылымдарға арқау болып, театр өнерінің дамуына мол үлес қосты. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі театрлар Абай шығармашылығына бойлап, оның рухани мұрасын көркемдеп жеткізуге тырысуда. Абайдың театр сахнасындағы қадамы қашан басталған еді? АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМ Абайдың өмірі мен шығармашылығы алғаш рет сахна тіліне Мұхтар Әуезов пен Л.Соболевтің бірігіп жазған «Абай» трагедиясы арқылы енді. Бұл пьеса 1940 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында алғаш рет сахналанды. Қоюшы режиссер — Асқар Тоқпанов. Бұл қойылымда Абайдың ішкі жан дүниесі, ел ішіндегі тартыстар, қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресі көркем әрі терең түрде көрсетілді. Пьеса ұлттық театр сахнасында жаңаша стиль, жаңаша мазмұн әкеліп, қазақ драматургиясының дамуына жол ашты. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Душанбе қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Алиевтің алғашқы ресми кездесуі өтті. Бұл екі ел басшыларының соңғы бір жыл ішіндегі алғашқы толыққанды келіссөзі болып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Кездесу барысында Владимир Путин өткен жылдың желтоқсанында болған әуе апатына Ресейдің қатысы бар екенін мойындады. Ресей президентінің айтуынша, әуе апаты кезінде екі зениттік зымыран әзербайжандық жолаушылар ұшағына бірнеше метр қалғанда жарылған. Бұл мәлімдеме Әзербайжан тарапының ұзақ уақыттан бергі талаптарының бірі болатын. Путин Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келген. Оның аясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысу және бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Путин мен Алиев соңғы рет 2024 жылдың қазан айында жүздескен. Биыл қыркүйекте олар ШЫҰ саммиті аясында Қытайда қысқаша ғана сөйлескен, бірақ толыққанды келіссөз жүргізілмеген.
Павлодар облысында болған өрт салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қайғылы оқиға Екібастұз маңындағы Солнечный кентінен жеті шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында болған. Өрт туралы хабарлама 9 қазан күні сағат 06:34-те түскен. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері дереу жетіп, өртті сөндіру шараларын жүргізген. Жалын 920 шаршы метр аумаққа тараған және іргелес ғимараттарды да шарпыған. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйде жеті адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді. «Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды», — деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
АҚШ-тағы саяси белсенді әрі Трамптың жақтасы Чарли Кирктің қазасына байланысты Аризона штатындағы State Farm стадионында аза тұту рәсімі өтті. Рәсім барысында саясаткердің жесірі Эрика Кирк күйеуін атқан адамды кешіргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN арнасына сілтеме жасап. Ол Інжілден үзінді келтіріп, Иса Мәсіхтің айқыш ағашта айтқан сөздерін еске салды. Эрика Кирк күйеуінің басты миссиясы жастарды реніш, ашу және өшпенділікке толы мәнсіз өмірден құтқару болғанын атап өтті. «Мен оны кешіремін, өйткені Христос та солай етті. Өшпенділікке жауап – өшпенділік емес», – деді ол. АҚШ президенті Дональд Трамп, керісінше, Кирктің өлтірушісін «радикалданған, суыққанды құбыжық» деп атады.
Жамбыл облысында полицейлер оқушыны өлтірді деген күдікпен екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 12 қыркүйек күні Шу ауданы, Көкқайнар ауылында футбол матчынан кейін 10 және 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Ойынға жиналған балалардың кіші сыныптағысы жоғарғы сынып оқушыларын жеңіп кеткен. Нәтижеге наразы болғандар 10-сынып оқушысын ұрып тастаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жасөспірімнің алған жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балалар омбудсменінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 17 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Астанада Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп түзетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. Бұл өзгеріс белсенді Әлімжан Ізбасаровтың жеке шағымы негізінде жасалғанын Threads-тегі «Қызыл отау» парақшасында хабарланған. Бұған дейін тақтайшадағы «голодомор» термині қолдан жасалған ашаршылықты білдіретіні айтылған. Жазбаға сәйкес, «голод» сөзі аштықты жалпы құбылыс ретінде сипаттап, оның әдейі ұйымдастырылғанын жоққа шығарады. «Голодомор – Кеңес үкіметінің қасақана халықты ашаршылық арқылы қырып тастауын білдіретін, шындыққа еш қатысы жоқ үгіт-насихат... Біз ашаршылықты және оның құрбандарын жоққа шығармаймыз. Бірақ мұның әдейі жасалғанын немесе толығымен Кеңес үкіметінің кінәсі екенін мойындай алмаймыз», – делінген жазбада.
Қазақстанның белгілі публицисті, жазушысы, қоғам қайраткері Қайым-Мұнар Табеев дүниеден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қаралы хабарды жазушы әрі журналист Талғат Айтбай әлеуметтік желіде растады. “Осыдан бір сағат бұрын Роза Сейілханқызы телефон шалды. “Жеделхан звондады. Жылап тұр. Алтынымнан айырылып қалдым дейді. Ол кім деуге де келтірмеді. Еркінді сұрады” дейді. Төбемнен жай түскендей болып Еркінге хабарластым. Әуелі Одаққа хабар келер еді ғой,- дейді ол. Қайнар да әбіржіді. Ол да естімеген... Не болса да. Өзінің телефонына соғып көрейін, бәлкім біреуі көтеріп қалар деген ойымнан да ештеңе шықпады. Міне, Ұлбосын Айтөлен растады. Жылап тұр. Жеделхан Еркіннің телефонын сұрап жатыр дейді. Не керек, жаман хабар расталды. Қазақ әдебиеті бір сарбазынан айырылды… Қайыммұнар Табей бақилық жолына түсіпті”, - деп жазба жариялады Талғат Айтбай. 📌 https://adyrna.kz/kk/post/1237079
[document]
[document]
🇳🇵Непалда «Z буынының революциясы» басталды 4 қыркүйекте Непал билігі Facebook, Instagram, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты ірі әлеуметтік желілерді жергілікті министрлікте тіркелмегені үшін бұғаттады. Бұл шешім жастардың ашу-ызасын туғызып, елде жаппай наразылыққа ұласты. 📌 Салдары: • 8 қыркүйекте Катмандуда басталған шерулер елдің ірі қалаларына тарады. • Қақтығыстар салдарынан 22 адам қаза тапты, оның ішінде 3 полиция қызметкері бар. • Қырғын барысында 500-ден астам адам жараланды. 📌 Наразылар елдегі президент резиденциясын, парламент пен Жоғарғы сот ғимараттарын өртеді. Үкіметтік кешен Сингха Дурбарды басып алып, армия енгізілді. 2 мыңға жуық тұтқын түрмелерден қашып шықты. 🔴Khabarhub дерегінше, наразылық акциясына қатысушылар 75 жастағы бұрынғы премьер-министр Джала Натх Кханаланың резиденциясына шабуыл жасап, ғимаратты өртеп жіберген. Сол сәтте үйдің ішінде оның жұбайы Раджьялакшми Читракар болған. Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DOau_e-jHjw/?igsh=MXU0eGE3d3RpanNhMw==
“Z” ұрпақты әлеуметтік желіден айыру кішкентай сәбиді емізіктен айырғанмен бірдей. Біз кеше мемлекет басшысының жолдауын көріп, артынан талқылап жатқанда Непалда жастар көшеде дүрлігіп жатты... XXI ғасырда әлеуметтік желілер адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар тек қана қарым-қатынас құралы емес, ой еркіндігін білдірудің, билікке үн қатудың, қоғамдағы өзгерістерге ықпал етудің алаңы болып отыр. Непал үкіметінің 26 әлеуметтік желіні бұғаттауына қарсы жастар көтерілісі – мұның айқын дәлелі. Катмандудағы “Z ұрпақтың бүлігі” мыңдаған жас адамды алаңға шығарды. Олар «Әлеуметтік желіні жаппа, жемқорлықты жап!» деген ұранмен өз үкіметіне қарсы тұрды. Нәтижесінде қанды қақтығыс болып, ондаған адам қаза тапты, жүздегені жараланды. Бұл – мемлекет пен жастар арасындағы диалогтың жоқтығынан туған қайғылы жағдай. Қазақстан үшін бұл оқиғадан алынатын сабақ көп. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Алматы облысында ер адам кикілжің кезінде әйелдің туған бауырын атып өлтіріп, кейін оның кішкентай қызын алып қашқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәліметті ҚР ішкі істер министрлігі растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті арнайы операция барысында ұсталды. Қылмыскерден аңшы мылтығының оқпаны (обрез) тәркіленді. Қыз бала аман-есен анасына қайтарылды, дәрігерлер оның жағдайын тексеріп жатыр. “Министр оқиғаның барысын жеке бақылауына алды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер «Адам өлтіру» және «Баланы ұрлау» баптары бойынша тергелуде”, — делінген министрлік мәлімдемесінде. Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған. Алайда олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелдің бауырын атып өлтірген. Артынша баланы ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы ақпарат тараған. ПД дерегінше, қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Департамент өкілдері барлық мән-жай толық анықталатынын мәлімдеді.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және түрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген. «Барлық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Алайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Бұған дейін Бас прокуратура Қожамжаровтың атышулы «Қорғас ісіне» қатысы барын растаған еді. Еске салсақ, 2011 жылдың соңында Алматы облысындағы кеден бекеттерінде ірі көлемдегі ұрлық деректері анықталған. Ол жерде 100-ден астам адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмыс істегені белгілі болды. https://adyrna.kz/kk/post/1236956
Өзбекстан президенті АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы caliber.az-ға сілтеп. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Әңгіме барысында екі ел басшылары стратегиялық әріптестікті нығайту және жаңа салаларда өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Президент Дональд Трамп Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Мирзиёев бастаған саяси-экономикалық өзгерістер елдің дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы тұрақтылыққа да ықпал етеді. Сондай-ақ АҚШ басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған қадамдарды қолдайтынын жеткізді. Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев АҚШ әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаттағы оң нәтижелерін де атап өткен. Ол Вашингтонның халықаралық және өңірлік қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге қосып отырған үлесін ерекше бағалады. Сұхбат соңында Мирзиёев Дональд Трампты Ташкентке ресми сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екі ел арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
[photo]
Вице-премьер, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, ҰҚК-нің басшылары және кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы айтылғанымен, оны фейк атап, мәлімет жоққа шығарылып отыр. Әуелгі хабарды Orda.kz таратты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Алайда КазТАГ агенттігі өз дереккөзіне сүйеніп, мұны фейк атады. Ақпарат және мәдениет министрі “расталмаған мәлімет” жайында пост жариялады. Orda,kz сайтының жазуынша, ақпаратты құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөздер растағанға ұқсайды. «Бүгін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдарындағы дереккөздер растады» делінген Орданың хабарламасында. Белгілі болғандай, министр Мұрат Нұртілеу Қытайда өткен ШЫҰ саммитіне қатысып, кеше ғана елге оралғаны айтылады. Сондай-ақ, министр мен Гаджиевтің үйлерінде тінту жүргізілді делінеді. https://adyrna.kz/kk/post/1236904
Мәжіліс депутаттары сайлау туралы Конституциялық заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Құжаттың басты мақсаты – бір кандидаттың Мәжіліске бірнеше сайлау округінен қатар түсуіне тыйым салу. Сонымен қатар, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бір мезгілде қатысуға шектеу қойылмақ. Жоба аясында әкімдер үшін жеке сайлау қоры құрылып, президент, депутат, әкім және Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, ауыр қылмыс үшін сотталған адамдар бұл лауазымдарға кандидат бола алмайды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әлібек Шегебай соңғы бес жылда Абайдың 45 қара сөзін қазақтың қара өлең өрнегімен қайта жырлап шығып, «Қара сөз қара өлеңге айналғанда...» атты еңбегін ұсынды. ”Адырна” ұлттық порталы ақынмен аталған жобаның туу тарихы, шығармашылық процесі және бүгінгі қазақ қоғамындағы Абай мұрасының мәні жайлы сұхбат құрды. – Әлібек аға, ең алдымен жаңа кітабыңыз құтты болсын! Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің рухани өзегі бір ме, әлде әрқайсысының энергиясы бөлек пе, алдымен осыған тоқталсаңыз. – Абайдың өлеңдері де, қара сөздері де бір адамның, бір дүниетаным иесінің туындылары болғандықтан екеуінің де түпкі мақсаты – адамдытүзету, ұлтты тәрбиелеу, қоғамды ойландыру. Осы тұрғыдан алғанда, рухани өзегі бір: «Адам бол!», «Толық адам бол!» – міне, Абай шығармашылығының темірқазығы. 📌Толығырақ https://adyrna.kz/kk/post/1236799
Алматы жастары «Қайрат» футбол клубын қолдауға Орталық стадионға жиналды. Стадиондағы атмосфера жігерге, бірлікке және жеңіске деген сенімге толы. Алматы жастары үшін бұл жай ғана ойын емес, тұтас жанкүйерлер буынын біріктірген тарихи сәтке айналып отыр.