[photo]
简介
暂无简介。
最近消息
50/50Олар Алладан өмірін өзгертуін сұрайды. Бірақ өздері өзгеруден бас тартады. "Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді" 13:11
Миллиардтаған галактикалардың арасында, Құс Жолы галактикасының Жер деген планетасында жүрген кіп-кішкентай адам, яғни сенің кіп-кішкентай жүргіңдегі Аллаға деген сенімің Алла үшін маңызды.
Жұма күні оқылатын дұға Оқылуы: "Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи" "Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін"
[photo]
Кім бір өзі қалып қойса, онымен бірге Алла бар!
Біреу қып-қызыл қылып лүпіл(лайк) басыпты. Рахмет🌹
Адамда —мейірім, шешім қабылдау, жауапкершілік алу және соған әрекет жасау қасиеті болмаса қадірі кете бастайды. Адам қандай болса да қадірлі Алла жаратқаны үшін. Бірақ Алла үйреткен тәртіпті меңгеріп жақсы, берекелі өмір сүруге тырыспаса өз сыйын төмендетіп алады. Ондай кезде басқа адамдарға айқайлап та, ақша беріп те өзіңді сыйлата алмайсың. Қате түсінік бар ғой сондай "қатал болсам сыйлайды" деген)
اللهم صل على محمد وعلى ال محمد "Аллаһумма солли ‘алә Мухаммадин уә 'алә әли Мухаммад" Иә, Алла, Мұхаммедке және оның отбасына игілік пен мейірім ет
Ай араб тілінде – قمر (қамар) деп айтылады. Араб тіліндегі Р әріпі айдың бейнесіне ұқсайды Және Құранда Қамар деген сүре бар) Сүредегі әрбір аяттың соңы ай сияқты әріппен аяқталаған. Сүренің атауымен бірдей. Қазіргі уақытта адамдар солай логотип, дизайн жасап атауларды үйлестіруге тырысады ғой. Ал Алла өте креативті Дизайнер ғой). Үйлесімі өте әдемі аяттарының. Жаратқан барлық заты шебер.
Елбасы сізді жеке шақырды. Сіздің халіңізді біліп, қалауларыңызды орындағысы келеді. Сіз онымен кездесуге дайындалдыңыз, киіндіңіз, сол жақа қарай бардыңыз. Бірақ сөйлесер сәтте есіктен кірдіңіз де, кетіп қалдыңыз. Біртүрлі ыңғайсыз жағдай иә ☺️. Бір жағынан елбасына құрметсіздік, және берілген мүмкіндікті пайдалана алмау. Намазын оқып, дұғасын айтпай аяқтай салған адам да сондай екен. Дайындалып барып, дым айтпай кетіп қалған адам сияқты. Бұл Алла елбасы сияқты дегенді білдірмейді. Жәй түсіну үшін берілген мысал екен.
Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) дұғасы: "Раббым! Мені жалғыз қалдырма, Сен - мұрагерлердің ең қайырлысысың"
Ойлаш, мүлдем басқа өлшемдегі, әлемдегі, Жұмақ деген әлемдегі бір зат Жер деген планетада тұр. Жұмақ деген планета ма білмедім, бірақ сол жердің заты қазір Жердің үстінде. Бұл Жұмақтың бар екеніне анық дәлел. Ол зат- Қағбадағы қара тас) Адам қолмен ұстап көре алатын дәлел Жұмақтың бар екендігіне. Ғайып емес) көзге көрініп тұрған дәлел.
Бенджамин деген есім Юсуф (а.с) пайғамбардың інісі Буняминнің есімінің ағылшыншасы екен)) Бунямин-Бенджамин Закария (а.с) пайғамбардың баласы Яқия (а.с) пайғамбардың есімі ағылшын тілінде Джон екен)) Яқия-Джон Яқуб(а.с) пайғамбардың есімі-Джейкоб Юсуф (а.с) пайғамбардың есімі-Джозеф
"Ешкімге мұқтаж болмау және ата-ананы, бала-шағаны да мұқтаж қылмау үшін жұмысқа барған адамның әрбір қадамы ғибадат" (Табарани)
Ібілістің дұғасын қабыл еткен Алла адамның дұғасын қабыл етпейді деп ойлайсыз ба?!
Алладан сұрағанда "берші, істеші, бере көрші" дегеннен көрі, "Аллаһым осыны СЫЙЛАШЫ" деп сұраған көркем екен
https://youtu.be/gZPJoEzyvk0?si=jVYw8g5XxbyhYcVS
Мейірімді Алла: Менің құлым Мені қандай деп ойласа, Мен сондаймын, ол қай жерде Мені есіне алса, сол жерде Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын, ал егер ол Мені басқа адамдардың арасында еске алса, Мен оны одан да жақсы адамдардың арасында есіме аламын. Егер Менің құлым маған бір сүйем жақындаса, Мен оған шынтақтай жерге жақындаймын, егер ол Маған шынтақтай жақындаса, Мен оған құлаштай жақындаймын, ал егер ол Маған қарай қадам жасаса, Мен оған қарай жүгіремін! (Бұхари, Мүслім)
Пайдасыз ойы көп адамның пайдалы әрекеті аз болады. Пайдалы әрекеті көп адамның пайдасыз ойы аз болады.
Қызық диалог иә))) Негізі Алла біледі ғой Мұсаның (а.с) қолындағы не зат екенін))) Сүйкімді әңгімелері) Мұса да (а.с) соны неге қолданатынын егжей-тегжейлі баяндап тұр ғой))
[photo]
Кітап, сөмке ұстап бара жатқан адамның жобамен мектепке бара жатқанын біле аласың. Сол сияқты қазір сенің жасап жатқан іс-әрекетің болашақта қайда бара жатқаныңды көрсетуі мүмкін.
Қағба —жүрек. Адамдар—қан! Үнемі жүректі айналып жүреді. Ешқашан қозғалыс тоқтамайды. Қиямет жақындағанда адамдар Алладан өте алыс болады. Сол кезде жүрек те тоқтайды. Айналым тоқтайды. Жүрек соғу барысында айналым үздіксіз жүру керек.
Общаясь с близким другом, ты пропускаешь формальности и сразу переходишь к сути, к самому важному. Это признак честности и искренности. Так же и со Всевышним, не надо ходить вокруг до около, когда что-то просишь.
Ты не перед кем не виноват… Чувство вины убивает отношения, проекты, рабочий процесс, учебу и в целом желание жить… Никогда не поступай из чувства вины. Только от чувства вдохновения и доброго намерения… Радуйся))) и не печалься иначе ослабеешь… Поступай от радости или хотя бы от того, что ты сам так хочешь поступить, а не из-за вины перед тем, кого касается твой поступок… Ты не перед кем не виноват… и перед тобой никто не виноват… Не привязывай себя никому через чувство вины, и сам не привязывай никого к себе через чувство вины… Энергетически, в плане чувств и эмоции, и в плане впечатлении тебе никто ничего не должен, и ты никому ничего не должен… Никто не обязан радовать тебя, вдохновлять тебя, поддерживать тебя, и впечатлять тебя и поддерживать твою влюбленность и эмоциональный подъем. Так и ты не обязан это делать для других. Только по собственному желанию и вдохновению. Никто не пришел в этот мир, чтобы стать расходным материалом в чьей-то жизни… Откажись от чувства вины к другим и к себе от других… Обнулись… стань легче… Живи потому что тебе хочется жить… Будь свободен…
Нәтижені уайымдау — нәтижені өзгертпейді
https://youtu.be/kBbwOnUqBN8?si=98IBjbbhM0LPOFar
Соңғы уақыттары тістерімді емдетіп жүрмін. Адамға бір нәрседен айырылу қатты қиын екен. Тісімді толығымен жұлмады. Бірақ жүйкелерін алдыру керек болды. Сондай қымбат болған Құдай берген жүйкелерім ай. Мәселе тісте де жүйкеде де емес. Аллаға солай жәйлап қайтып жатқанымыз. Адам өзіне тиесілі деп ойлаған заттың Егесі Өзі екенін көрсетуінде.Сол заттарды алу арқылы жәйлап Өзіне қайтуға дайындап жатқаны... Шексіз болып көрінген өмірдің соңы бар екеніне үйретіп жатқаны.
Асығыстық — уақыттың аздығынан емес, шешілмеген ойдың көптігінен туындайды.
Алла елшісі туралы(оған Алланың игілі мен сәлемі болсын) "Күлгенде көбінесе күлімсірейтін. Күлген кезде (аппақ бұршақ іспетті) жарқырап тістері көрінетін". Тирмизи https://get.sajda.app
"Қалағаныңды сұра - берейін", "тәубеңе кел-тәубеңді қабыл етейін": делінген қаншама түндер өтті, сен сол түндері Раббыңның құзырында жоқ едің Имам ибн әл Жәузи رحمه الله
Білімдіге дүние жарық!
Ауыз ашқаннан кейін де ауыздарыңыз берік сияқты сезініп қала бересіздер ме?
Айт құтты болсын 🤍
Алладан бір нәрсе сұрағанда адамның ішінде "болмай қалса ше","Ин ша Алла " деген сөздер болмау керек. Алладан сұрағанда 100 пайз нық Оның құдіретіне сеніп, ешқандай болмай қалса деген күмәнсіз сұрау қажет
Қадір түнінде айтылатын дұға 🤍 اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي Аллаһумма иннәка ‘афуун тухиббуль ‘афуа фа’фу ‘анни. Мағынасы: “Уа, Алла! Расында Сен — Кешірушісің, кешіруді жақсы көресің. Сондықтан мені кешіре гөр.”
Қадір түні 🤍
Қабыл болсын 🫶
Жүрегің жарылмаса, ішіне жарық қалай кіреді?
Нашар бастау – мүлдем бастамаудан жақсы.
Іштей бай бола алмасаң, сырттай бай бола алмайсың. Ішіңде адамға тән жоғары, ардақты қасиеттер қалыптасып, дамымаса, материалдық тұрғыда байлыққа жету қиындық тудырады.
[photo]
ҚАДІР ТҮНГІ ДҰҒАЛАР
[photo]
Рамазанның соңғы 10 күні
[photo]
Ассалямуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Рамазан айы құтты болсын 🤍🫂
Келе жатқан Рамазан құтты болсын 🫂 Жүректеріңіз бақытқа бөленсін🤍