Ж

жарық сәуле🌙 "Zharyq saule" жақсылыққа, рухани тәрбиеге, өзін - өзі тануға бастар жол 275 подписчиков 2 мес.

频道

@zhasyrynsululyg

在 Telegram 打开

简介

暂无简介。

订阅
0
国家/地区
哈萨克斯坦
分类
其他

最近消息

50/50
469 views

Бұл топ өздігінен жабылғанға дейін тұра береді. Ал келесі жазбаларды жаңа топта жалғастырамыз☺️

470 views

Ассалаумағалейкум! Біз осы топтан көшетініміз туралы хабарлаймыз. Жаңа "Zharyq Saule" сіздерді күтеді https://t.me/zhasyryn_sululyq Көшудің басты себебі мен бұл топтың админі болғаныммен толыққанды мүмкіншілік берілмеген. Сол себепті бұл топ толық мүмкіншілігі бар админ жоқ болғандықтан жабылып қалу қауіпі бар. Бұл топ маған аманат ретінде осыдан 2 жыл бұрын табысталып еді. Содан бері Аллаға шүкір келе жатырмыз. Менде мақсат тек топ шеңберінде шектеліп қалмай басқа да жақсы жоспарлар құрып елдің білім деңгейін арттыру, басқа да жақсы істерге жол бастау. Бірінші Аллаға шүкір одан кейін сіздердің осы топта отырып қолдап отыруларыңызды өзі мен үшін бір мотивация. Алла разы болсын❤️

340 views

"Адал ас аздырмайды, арам ас оңдырмайды"- деп қазақ атамыз мақалдаған екен. Адамның денсаулығына, мінезіне, өміріне тікелей байланысы және әсері бар зат ол ішіп жүрген асымыз. Сол астың адал не арамдығы. Астың адалдығы адамның руханияты мен тән саулығының негізі, өйткені ол дұға-құлшылықтардың қабыл болуына, мінез-құлықтың түзелуіне және ішкі жан дүниенің тазалығына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, тек тағамның тегіне ғана емес, оның адал еңбекпен табылуына да баса назар аудару қажет. Ас деген зат адамның зейініне, білім алуына да тікелей әсері бар. Мысал айтпасамда болатын сияқты.

315 views

Пайдалы болса бөлісе жүріңіздер❤️

295 views

Қаржылы сауатты болғыңыз келе ме? Онда ең бірінші ақшаларыңызды қолма-қол (қағаз түрінде) сақтауға тырыңыздар. Әрине ақыл айтқаным емес бірақ пайдасы көп. Пайдаларын тізбектеп айта кетейін. 1) Қолма-қол төлемдер банк тарихында сақталмайды, бұл сіздің шығындарыңыздың құпия болуын қамтамасыз етеді. 2) Картамен төлегенде алынатын кейбір комиссиялардан немесе қызмет ақыларынан құтыласыз. Кейде сатушылар қолма-қол ақшаға жеңілдік те жасайды. 3) Интернет жоқ кезде, банк жүйесінде ақау шыққанда немесе жарық өшкенде тек қолма-қол ақшамен сауда жасауға болады 4) Мошенниктердің айласы сізге қатты әсер етпейді. Сіздің қаржылық жағдайыңыз ешкімге белгісіз. Енді қаржылық сауаттылықтың пайдасына келгенде қағаз ақшаны жұмсау қиын. Интернет магазиндерде оңды солды шаша бермейсіз. Жалпы айтқанда артық шығындардан сақталасыз. Енді тым болмағанда бәрін емес айлығыңыздың жарты не кішкене бөлігін қолда сақтап отырыңыз.

202 views

Менің бұның бәрін айта бергім келетіні, қазір қайда кетіп бара жатқанымызды көріп ішім ашиды. Әрине бәріне топырақ шашпаймын. Қоғамда жақсы адамдар аз емес. Алайда "ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде" демекші азғындықтың басы көрінсе неге ерте бастан алдын алмасқа. Ертең еліміз құлдырап бара жатса, адамдарың ішкіш, зинақорлық нормаға айналса, қызымыз ерге еріміз қызға еліктеп, еліміз шетелге киім жағынан ғана емес толық мәдениетіне еліктеп кетсе елден не қалады? Ата бабаның соншама жер, дәстүр-тәрбие, шариғаты, аманаты өздерімен жер қойнауына кеткені болар. Ал біздің тараптан олардың аруағына тек қиянат болмай немене.

187 views

Қазақ қаны таза деп бекер айтылмаған. Ол тек жеті атадан кейін қыз алысу емес. Ол тереңге кеткен руханият және этика. Біз қазір әлі күнге дейін жеті атаны сақтап келе жатқанымызбен қанымыздың басқа тазалығын ұмыттық. Осыны ойлай отырып бірінші түсінгенім ол тамақ. "Арам ас бойға таралса, ойды бұзады" деген түсінік болған. Баланың қанына, мінезіне ананың сүтімен, әкенің тапқан адал нәпақасымен келетін қасиеттерге ерекше мән берілген. Дұрыс тамақтану сонда тек қана фитнес анау мынау емес. Қанға биологиялық келсек ол генетиканы қамтиды. Яғни біздің артымыздан қалдыратыным ұрпақ, ал біздің тәрбие-мінезіміз, құндылығымыз қанымызбен бірге беріледі. Тәрбиеден бұрын бірінші ұрпаққа берілетін ол қан. Бүгінгі күні біз осы тазалықты тек медициналық немесе заңдық тұрғыдан ғана түсініп жүрген сияқтымыз. Шын мәнінде, ол мінез бен рухтың, келесі мәдениеттің сапасы.

159 views

Бұрынғы қазақи руханият, ар, намыс қайда кетіп барады? Тәрбиеміз мол, ар-ұяттан аспаған, шариғатқа жармасқан елміз ғой. Оның әлсіреуіге не себеп? Абай айтқандай, бұрынғы намыс бүгінде көбіне жалған мақтанға айналып бара жатқандай. Намыс бұрын ел қорғау, сөзге тоқтау, аруақ сыйлау болса, қазір ол материалдық байлықпен жарысуға, той-томалақтағы бәсекеге ауысып кетті. Одан кейін нарықтық заманда ар мен ұяттан гөрі пайда мен табыс алдыңғы орынға шықты. Бауыржан Момышұлы айтқан "Ерді намыс өлтіреді" деген сөз бүгінде жеке бастың мүддесіне қызмет ететін құралға айналуда. Айта берсе себеп көп. Әрине бізге сынау, қателік табу жеңіл ғой. Бірақ неге осы қателікті, анық себепті біле тұра кішкене болсын амал әрекет қоспасқа?

158 views

Жәй ғана өзіңізге сұрақ қойыңызшы: Отбасы не мақсатта құрылады? Жауабыңыз: Ұрпақ жалғастыру, байлыққа қол жеткізу, не бір үйлендім деп мақтану, не болмаса "так надо" өмірде әйтеуір бәрі үйленеді ғой, - деген сияқты болатын болса ол ой қате. Отбасы ол нағыз алу керек білім, ол руханият, аманат. Отбасы ол сенің меншігің емес ол жаныңның сыңары, Алланың берген нығметі. Үйлену тек қажеттілік емес ол рухани кемелділік. Құранда айтылғандай, отбасының басты мақсаты бір-біріңнен тыныштық табу. Сыртқы әлемнің шуынан, қиындығынан шаршап келгенде, үйің сенің рухани қорғаның, мекенің. Ұрпақ қалдыру тек асырайтын балам бар деген емес. Ол бір із, тәрбие. Сенің жалғасың Қысқаша айтқанда, отбасы бұл бірігіп жәннатқа баруға талпыну жолы. Егер мақсат тек осы дүниенің байлығы болса, ол байлық таусылғанда сезім де таусылады. Ал мақсат рухани Алланың разылығында болса, қиындық келседе махаббат азаймайды тек арта түседі.

138 views

Неге ажырасу көп? Әрине сарапшылардың бұл жайлы пікірі жетерлік. Мысалы: психологиялық дайын болмау, кредит, ерте үйлену т/б себептер. Алайда менің ойым бұл жоғарыда айтылғанда екінші орында тұрған себептер. Мен басты себеп айтайын сіздерге. Адамдарда иман жоқ. Ал иман жоқ жерде береке, Алланың разылығы, жоқ. Неге иманның әлсіздігі отбасы берік құрыла алмауына себеп еттім? Айтайын. Иманы бар адам отбасының құндылығын түсіне алады, Алланың аманаты екенін сезіне алады. Иманы бар ерлі-зайыпты бір бірінің қадір қасиетін, өз орнын түсіне алады. Яғни айтқым келгені отбасы бұл бір дүниеде тек жәй қырғын той жасап бір үйде қыз бен жігіт некелерін халалдап тұру емес. Отбасы өте терең құндылық Алланың үлкен ермен әйелге жіберетін аманаты. Осыны адамдар түсінбейді. Сол себепті ерде әйелде бір бірі үшін тек материалдық мақсат секілді қалды. Ал иманы жоқ жүректе әрине бірінші дүние тұрады.

151 views

Аллаһумма салли уа саллим әлә нәбиййнә Мухаммад. Пайғамбарымыз (ﷺ) -ға салауат бұл дүниеде де, ақыретте де адамның бағын ашатын ең жеңіл әрі ең сауапты құлшылық.

155 views

Сенің сөзің қаншалықты дұрыс болса да, тыңдаушының түсінігінен аса алмайды. ©Мәуләнә Жалаләддин Руми ​Сөз дән болса, тыңдаушының көңілі топырақ. Дән қанша жерден асыл болса да, тақыр жерге, тасқа түссе өнбейді. Дәннің өнуі үшін топырақтың (көңілдің) жұмсақтығы мен дайындығы керек.

169 views

Дұрыс сөз бұрыс құлаққа ауыр келеді. Өйтені хақиқатты қабылдарлық көңілі жоқ.

186 views

Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек». Сол кезде Мағжан Жұмабаевтың "мен жастарға сенемін" - деген сөзі амалға асар.

249 views

Всякая власть исходит от народа, но куда она девается? ©️Габриэль Лауб Ирония) бірақ мүмкіндік барма?

308 views

Намыс бұл мен мықтымын деп айқайлау емес, Мен жауаптымын деп іс істеу. Намыс не ол? Әлсізді басыну емес, басыңнан сөз асырмау, пышақ не тағы бір бәлі ұстап алып өтірік понятие қозғау бұл намыс па? Қайда сонда намыс? Намыс ол жақыныңа пана болу, бауырың аш жатса соған азық беру, әлсізге қорған болу, отбасыңа қалқан болу. Намыс бос айқай емес, салмақты мінез, қысқасы адамдықты сақтап қалу.

179 views

— Пайда ойлама, ар ойла. ©️ Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазір бір ішің күйіп қарайтын заттың бірі, адамдардың біреудің қайғы мұңынан, мұқтаждығынае пайда көргісі келетіні. Яғни адам біреудің басына іс түскенде бағаны қолдан өсірсе (мысалы, тапшылық кезінде дәрі-дәрмектің немесе азық-түліктің бағасын аспандату). Соншалықты адамгершіліктен асқандықтан басқа немене? Ар-ұят, намыс шалғай тұрмақ одан алыс кетпесе.

154 views

Әмр-бил ма’руф уә нәһи ‘анил мункәр (Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю). Исламдағы 40 парыздың бірі. Егер қоғамда әркім тек өз қара басымды түзетсем болды деп жүре берсе, айналадағы жамандық жайылып, соңында бәріне зияны тиеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл парызды орындаудың үш сатысын көрсеткен: ​Қолмен тоқтату: Егер билігің немесе күшің жетсе (мысалы, әкенің баласына, басшының қызметкеріне ықпалы). ​Тілмен айту: Жылы сөзбен, даналықпен түсіндіру. ​Жүрекпен жек көру: Егер ештеңе істей алмасаң, сол жамандыққа іштей наразы болу. Бұл иманның ең әлсіз деңгейі.

144 views

«Әркім әлемді өзгерткісі келеді, бірақ ешкім өзін өзгертуді ойламайды». ©️ Лев Толстой

157 views

Қазіргі таңда технологияның дамығаны сонша, адамның төл еңбегі мен жасанды интеллектінің өнімін ажырату қиындап барады. Шын жүрекпен жазылған дүниеңді біреулер салқын алгоритмге баласа, бұл автор үшін үлкен соққы(

155 views

Дүние кеме жүзетін су сияқты, ал жүрек сол кеме. ​Су кеменің астында болса кеме жүзеді, мақсатына жетеді. ​Егер де су кеменің ішіне кірсе кеме батады. ​Яғни, дүниені қолда билікте, байлықта, кәсіпте болмаса қалтада ұстау керек, бірақ оны жүрекке кіргізу, оған табыну, оны негізгі мақсат ету қауіпті. Дүние бұл құрал, осы дүниенің керек жарағына. Ал дін ислам сол құралды дұрыс бағытта қолдануды үйрететін бағытшы.

153 views

Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдалы болғаны Барлығы түсінетіндей "пайдалы болу" деген сөз біреудің айтқанын істеу, не болмаса соған ұқсас мағынада емес. Бұл жерде "пайда" сөзі өте ауқымды. • ​Біреуге дұрыс бағыт көрсету (білім беру) • ​Мұқтаж жанның ауырын жеңілдету • ​Тіпті біреуге жылы сөз айтып, көңілін көтеру де үлкен пайда • Қайғыға жұбаныш болу Деген сияқты ғой, барлық затты бір бағытта түсіне беру қате түсінік.

151 views

Пайдалы заттардың көбі ащы келеді, бірақ нәтижесі шипалы. Мысалға алсақ Құлшылық: нәпсіге қиын Жәннат нәпсіге ұнамайтын (қиын) нәрселермен, ал Тозақ нәпсіге ұнайтын (тәтті) нәрселермен қоршалған» (Муслим) ​Спорт: Бұлшықеттер ауырады, дене қиналады, бірақ соңында мықты денсаулық пен әдемі дене бітімі. ​Білім: Ми шаршайды, уақыт кетеді, бірақ соңында еркіндік пен жаңа мүмкіндіктер. ​Дұрыс тамақтану: Тілдің ләззатынан тыйылу, бірақ соңында жеңілдік пен ұзақ ғұмыр.

155 views

БҰЛ ТҮНІ ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ БАЙҚАЛДЫ АСПАН АШЫҚ, БҰЛЫТСЫЗ, ДАЛА ТЫП-ТЫНЫШ, АУА РАЙЫ ОРТАША, ЫСТЫҚ ТА ЕМЕС, СУЫҚ ТА ЕМЕС. ЕНДІ БІР ҒАНА БЕЛГІСІН БАЙҚАУ ҚАЛДЫ - КҮННІҢ СӘУЛЕСІЗ БОЛЫП АРАЙЛАП ШЫҒУЫ. БҮГІН ТАҢ НАМАЗЫНАН КЕЙІН КҮННІҢ ШЫҚҚАНЫН КӨРЕЙІК, БҰЙЫРСА. ҚАДІР ТҮНІНДЕ ЖАСАҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ БЕН ДҰҒАЛАРЫМЫЗ ҚАБЫЛ БОЛҒАЙ! ӘМИН!

181 views

Қадір түні — мың айдан да қайырлы, тағдырлар жазылатын және періштелер жер бетіне түсетін ерекше уақыт. Бұл түнде жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Осындай амалдармен бұл түнді ерекшелейік: 1) Намаз оқу (тарауих, тасбих, тахаджут) 2) Дұға етіп тәубе жасап Алладан кешірім сұрау 3) Құран оқу 4) Зікір айтып Пайғамбар ﷺ ға салауат жолдау 5) Садақа беру (Бұл түнде берілген садақа 83 жыл бойы күн сайын садақа бергенмен тең сауап әкеледі. Тіпті аз мөлшерде болса да, мұқтаж жандарға немесе игі істерге жәрдемдесу) Есте сақтайық Қадір түнінде тек санға (көп намаз, көп дұға) емес, «сапаға» көңіл бөлген жөн. Жүректің қатысуымен, ықыласпен жасалған бір сәт құлшылық құрғақ қайталанған мың сөзден артық. Қабыл болсын❤️

160 views

Дофаминнің екі түрі ​Қазіргі ғылымда дофаминді ләззат гормонын екіге бөліп қарастыруға болады: ​Арзан дофамин телефон қарау, тәтті жеу. Ол тез келеді және тез кетеді, артынан өкініш пен бостық қалдырады. ​Қымбат дофамин қиын жұмысты бітіру, жаттығу жасау, кітап оқу. Ол қиындықпен келеді, бірақ адамға нағыз бақыт пен өзіне деген сенімділік сыйлайды.

167 views

Бұл дүниеге АДАМ болып келеміз, алайда АДАМ болып кету бір сұрақ.

177 views

Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Қадір түнінде қандай дұға оқиын?» — деп сұрағанда, ол кісі мына дұғаны үйреткен: ​«Аллаһумма иннәкә 'афуун, тухиббул 'афуа фа'фу 'анни» (Я, Алла! Расында, Сен Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешіре көр!)

154 views

Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) хадисінде Рамазан айын үш бөлікке бөлген: 1) ​Алғашқы он күн — Рахмет (Алланың мейірімі). 2) ​Ортаңғы он күн — Мағфират (Күнәлардың кешірілуі). 3) ​Соңғы он күн — Итқум мин ан-нар (Тозақтан құтылу).

153 views

Әзілдің де жөні мен шегі болуы тиіс. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деген қазақ. Өтірік араласқан әзіл амандықтың емес, араздықтың басы.

157 views

«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» Артық немесе орынсыз айтылған сөз үлкен жанжалға себеп болуы мүмкін. Өз сөзін қадағалаған адам өзін пәледен алыс ұстайды. Тілге ие болу ол үндемей қалу емес, қай жерде не айту керектігін білу және сөздің жауапкершілігін сезіну.

132 views

Сухр, ифтар, ассаляму алейкум деп айтып арабқұл болмау керек, неге? Себебі дін сол тілде жеткен. Бірақ орысша шүлдірлеп, әр екі сөзіңе орысша кірме сөздерді қолдана бер, орысқұл болмайсың, неге? Себебі ол жақта дін жоқ, адамның нәпсісіне жағымды, тыйымдар жоқ. Сонда арабқұл емес, орысқұл болса айып емес пе? Жоқ, айып қой, бірақ ондаай айып емес та. Дін десе шекесі тырысып, беті жыбырлайтын имансыздардың екіжақты өлшемі. “Двойной стандарт” Шынында оларға ұлт емес, дін ЖАҚПАЙДЫ, ДІН!

129 views

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. ©️ Әбу Насыр Әл Фараби

135 views

Егер біз осы қиындықта, қиын уақытта біреуді алдамасақ, адал еңбек етсек, Алладан үміт үзбей, басқаларға білім беріп, өнеге көрсетіп, қиындығығда көмек беріп, жақсылық жасасақ біз нағыз жетістікке жеткен адамбыз. Байлық - сыртқы жылтырақ. Бастысы бұл өмірде адамгершілік және АДАМ болып қалу.

142 views

Мошенниктерден қорқасыз ба? Олар сіздің ақшаңызды ұрлайды, Сізді қапаға қалдырады, сан соқтырады. Біраақ! Басқа алаяқтардан сақтансаңызда бір алаяқты өз жаныңызда алып онымен көбіне дос боласыз. ОЛ... Иә ол Жалқаулық – сіздің басты алаяғыңыз. Ол сізден ең қымбат ресурстарды, нақтырақ уақытыңыз бен мүмкіндіктеріңізді ұрлайды. Сенсеңіз, сол жалқаулық кейін сізді үлкен өкінішке әкеледі, жылатады. Иәә ол өкіндіреді.

163 views

Жұма қабыл болсын🤲❤️ Жақсылық жаса! Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: Қияметте, Раббысының көлеңкесінде болатын жеті адамның бірі садақа беріп, оны оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай дәрежеде жасырған адам; Яғни жақсылық жасадыңыз ба? Оның қайырымын тек Алладан күтіңіз, және мақтан етуден немесе жариялаудан алыс болыңыз! Себебі сіздің жақсылығыңыз Алланың разылығы үшін және өзіңіз үшін.

150 views

Әр адамның өмірі өз жауапкершілігінде Қиындық - қайраушы. Пышақ жану арқылы өткірленсе, адам рухы қиындықты жеңу арқылы күшейеді. Сүріну ол құлау емес, алға жылжудың бір бөлшегі.

151 views

Әдепсіз білім қауіпті Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген. Егер адамның әдебі мен этикасы болмаса, оның білімі қоғамға пайда емес, зиян әкелуі мүмкін.

157 views

«Адамның ақыл-ойы нені түсіне алса және неге сене алса, соған қол жеткізе алады». Шындығында, біздің мүмкіндігімізді шектейтін сыртқы кедергілер емес, көбіне өз басымыздағы күмән мен қорқыныштар. Феномен «Стеклянного потолка» деген зат бар. Көбіне біз (бұл мүмкін емес) деген шекараны өзіміз сызып аламыз. Адам сол шекараны бұзып, (бұл қолымнан келеді) деп сенген сәтте, сана сол мақсатқа жетудің жолдарын іздей бастайды. Мотивация болсын✊

141 views

Оразада күндіз 5-10 минут ұйқы ауызашарға дейін ускоркорение болып жатыр ғой😂 Негізінде келгенде ораза кезіндегі ең ғажап нәрсе мұсылманның әрбір халал ісі ғибадатқа саналады. Мысалы: Сол 5-10 минуттық ұйқы да құлшылық. Өйткені кешке құлшылықты сапалы жасау үшін, шаршап-шалдықпау үшін демалып жатырсыз Ғалымдар: «Ораза тұтушының ұйқысы - ғибадат, үндемеуі - тәсбих», - деген.

134 views

Ниетсіз амал жансыз дене секілді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Амалдар тек ниетке байланысты», – деген. Егер ниет түзу болмаса, сыртқы көрінісі қаншалықты керемет болса да, ол амалдың құны жоқ. Ниет - бұл істің «не үшін?» деген сұрағына берілген жауап. Егер «не үшін?» дегенге нақты жауап болмаса, іс шынымен де бос әурешілікке айналады.

134 views

Жүректі 1 минутта 1 реніштен тазарт: 1) Бір тыныш жерге барып отырып өзіңіздің телефогыңыға 1 минут таймер қойыңыз. 2) Осы уақытқа дейін өміріңізде кімді ренжіттіңіз немесе кімге ренжідіңіз соны есіңізге түсіріңіз. (Тек бір оқиға ғана) 3) Соны сол отырған жерде кешіріңіз ал егер сіз ренжіткен болсаңыз оның кешірімін Алладан сұраңыз (мүмкіндік болса өзіне барыңыз) 4) Таймер бітісімен өзіңіздің шаруаңызға оралыңыз Осылайша жүректі 1 минут ішінде 1 ауыртпашылықтан тазартып отырайық😊

126 views

Біз "zharyq_saule" тек рухани күштілік емес және физикалық күшті болуында қолдаймыз. Әрі соның қалыптасуына әрекет етеміз. Бізбен бірге болыңыздар☺️

129 views

Тарауыққа барғандар үтірде имам "Аллаһу әкбәр" дегенде рукуға кетіп қалғандар жоқпа?😂 Сосын 8 рәкәғаттан кейін үйге қайтып кетуде жоғынан😅 соңына дейін тұрайық. Ораза қабыл болсын🤲

0 views

136 views

"Құдайдан қорық пендеден ұял: Балаң адам болсын десең оқыт, мал аяма" АБАЙ  ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ©

121 views

Рамазанға дайындық қалай?

137 views

Рамазан - бар болғаны шамамен 720 сағат. Оның шамамен 240 сағаты ұйқымен өтеді. Қалған 480 сағатты қалай өткізетініңіз - сіздің мәңгілік тағдырыңызды шешуі мүмкін. Бастысы дұрыс ниет және дұрыс жоспар

150 views

Осы неге тәңіршілер мен атеисттер бірігіп завод, фабрика, мектеп салмайды екен? Сөзбен келгенде ойбай тау қопарардай.😂 Мұсылмандар андай - мындай, ешкімге жаны ашымайды, мешіт салудан басқа дым бітірмейді деп жала жабу болды. Қазақ халқында қолдау, бірігу деген жақсы дамыған ғой. Біз қазақ ата-бабамыздан мұсылманбыз. Біз бірігіп мұқтаждарға көмектесеміз, бірігіп мешіт саламыз. Біз адамның емес Алланың құлымыз. Осы жерден ақ білуге болады ғой кімнің кім екенін. Мысал келтірейін: Мешітке мұқтаж жандар жиі келеді. Біз бірігіп жамағат болып сіз біз деп әрқашан йбауырымыздың мұқтаждығын үндемей жауып кетеді. Және тек мешітте емес қаншама қайырымдылық ұйымдары бар "харекет", "жаннатуль фирдаус" деген сияқты. Тағы үндемей қайымдылық жасап жүргендерде жеткілікті. Бұл жерде айтқым келгені атеисттер тенгрилар бәрі шетінер жаман деген сөз емес. Жақсылары бар шығар Алла біледі. Бірақ осыншама Аллаға, пайғамбарға тіл тигізіп мұсылмандарға жала жауып зиян тигізіп жүргендерді меңзедім. Бірақ сондада қазақ мұсылман болған.

101 views

Барыңды қабылда, қанағат тұт, Сабыр ет! Wabi-Sabi (Ваби-саби) бұл кемелсіздіктің сұлулығын бағалауға негізделген жапон философиясы. Дінде біз шүкіршілік, сабыр етсең арттырады дейміз. Біз мінсіз болуға (ең бай, ең әдемі, қатесіз болуға) тырысып, өзімізді шаршатамыз. Шын мәнінде "мінсіздік - табиғатта жоқ нәрсе". Жарылған кесе, ескірген кітап немесе адамның жүзіндегі әжім - оның басынан өткен тарихы мен құндылығы. Мінсіздік тек Аллаға ғана тән. Адам өзін күнәсіз немесе қатесізмін деп санамауы керек. Керісінше, өз қателіктері мен кемшіліктерін мойындап, тәубе етіп, сонымен күресу және қайталамау арқылы шыңдалуы нағыз имандылық және (вэби-сэби)